$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2025, 23:39
Спорт

«Жақсылап төбелесіп аламыз». Алуа Балқыбекова Назым Қызайбаймен қарым-қатынасы жайлы айтты

Екеуміз де Олимпиадаға барамыз деп шешсек, бәрін спарринг шешеді, дейді боксшы

«Жақсылап төбелесіп аламыз». Алуа Балқыбекова Назым Қызайбаймен қарым-қатынасы жайлы айтты
Фото: Olympic.kz

Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әріптесі Назым Қызайбаймен Олимпиада жолдамасы үшін кезекті спарринг өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы боксшы YouTube-тағы "Sport+" арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Назым қазір 48 келі салмақта өнер көрсетеді. Екеуіміз бір бапкерде жаттығамыз. Егер ол олимпиадалық салмақ  50 келіге  көтерілемін десе, онда екеуіміз бәсекелес боламыз. Екеуіміздің де мақсатымыз бір, жасымыз да келіп қалды. Бапкеріміз үнемі: «Әркімнің мақсаты бөлек. Егер Олимпиадаға барамын десеңдер, жолдарыңды бөгемеймін» деп айтады. Екеуміз де барамыз деп шешсек, бәрін спарринг шешеді. Кейде жаттығуда жақсылап тұрып төбелесіп аламыз, бірақ толықтай емес. Негізі бір-бірімізді өте қатты сыйлаймыз», – дейді боксшы.

Айта кетері, қос боксшы бұған дейін 50 келі салмақта Париж Олимпиадасының алдында линцезиялық турнирге  бару үшін спарринг өткізген. Бұл тартыста Назым Қызайбай басым түсті. Ал Париждегі Олимпиада ойындарында Назым Қызайбай қола жүлде еншілеген.

Еске сала кетейік, Қазақстан спортының жарық жұлдызы Геннадий Головкин Астанада өтіп жатқан Бокстан әлем кубогында Назым Қызайбайға ерекше қолдау көрсетті. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Головкиннің боксшылармен сәлемдесіп, Назым Қызайбайды құшағына басқанын көруге болады.

Серіктес жаңалықтары