28.07.2025, 08:01
Спорт
Қазақстандық спортшылар Универсиадада 37-орынды иеленді
Жалғыз алтынды таеквондодан Самирхон Абабакиров жеңіп алды
Фото: Сәли Сабыров/olympic.kz
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Qazsport» телеарнасына сілтеме жасап.
«ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы суденттік додада біздің спортшылар 1 алтын, 10 қола медальға қол жеткізіп, 37-орынға жайғасты», - деп жазылған хабарламада.
Жалғыз алтынды таеквондодан Самирхон Абабакиров жеңіп алды.
Байрақты бәсекеде қола жүлдеге ие болған қазақстандық спортшылар:
- Қазақстан ерлер құрамасы (таеквондо),
- Қазақстан әйелдер құрамасы (таеквондо),
- Тамирлан Тілеулес (таеквондо),
- Дамир Шуленов (таеквондо),
- Батырхан Төлеуғали (таеквондо),
- Нодира Ахмедова (таеквондо),
- Бейбарыс Қаблан (таеквондо),
- Нұрқанат Серікбаев (дзюдо),
- Аман Бақытжан (дзюдо),
- Айбота Ертайқызы (көркем гимнастика).
ХХХІІІ жазғы универсиада Оңтүстік Кореяда өтеді
Германияда өткен спорттық шара салтанатты түрде өз мәресіне жетті. Жарыс қожайыны ресми түрде Оңтүстік Корея өкілдеріне Универсиада жалауын табыстады.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 07:24
27 маусымға арналған ауа райы болжамы