31.07.2024, 16:21
Спорт
Париж-2024: Мария Дмитриенко стенд атудан финалға өте алмады
Ол екінші іріктеу кезеңінде 10-сатыға орналасты
Фото: Сәли Сабыров/olympic.kz
Мария Дмитриенко стенд атудан Олимпиаданың финалынан сырт қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Трап» бағдарламасы бойынша іріктеудің алғашқы күнінде спортшы 4-орын алған еді. Алайда, екінші іріктеу кезеңінде отандасымыз бұл басымдықты ұстап тұра алмады. Ол 120 ұпаймен 10-сатыға орналасты.
Ал финалдық кезеңге іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы алтылыққа енген мергендер жолдама алды.
Аралық нәтиже бойынша, испаниялық Мар Мольне 123 ұпаймен көш бастап тұр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
