Париж-2024: «құрметті қонақ» атанған GGG ерекше рәсім орындады

Azattyq Rýhy

ҰОК президенті Геннадий Головкин бокс бәсекесін ашу мәртебесіне ие болды

Париж-2024: «құрметті қонақ» атанған GGG ерекше рәсім орындады
Фото: Olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин 2024 жылғы Олимпиадада бокстан жарыстың құрметті қонағы атанды. Ол 31 шілдедегі бокс бәсекесін ашу мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көрермендер Геннадийді аренада қошеметпен қарсы алды.

2024 жылғы Париж Олимпиадасын ұйымдастырушылар осылайша даңқты қазақстандық спортшыға құрмет көрсетті.

«Геннадий Головкин ағаш таяқпен еденді үш рет ұрып, жекпе-жектердің басталғанын хабарлады. Бұл – 2024 жылғы Олимпиада ойындарына енгізілген басты жаңалықтың бірі. Ұйымдастырушылар Францияның мәдени дәстүрлеріне басымдық беріп, театр мен спортты біріктеруге ұмтылған», - деп жазды ҰОК. 

Аталған дәстүр көпшілікті спортшылардың өнеріне үлкен құрметпен қарауға шақырады.

Үш соққы көрермендерді әрбір оқиғаның жанкүйер құрметіне лайық екенін еске салады және үш соққы орындалған кезде театрдағы секілді, трибунаға жиналған жанкүйерлер де бір минут үнсіздік сақтауы керек.

Видео: t.me/qazaqstantv/

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.