Ақмола облысындағы жарты мыңнан астам мектептің 194-інде ғана лицензия­лан­ған күзет бар

Ал 329 мектепте мұндай күзет атымен жоқ

Ақмола облысындағы жарты мыңнан астам мектептің 194-інде ғана лицензия­лан­ған күзет бар
Фото: Аikyn.kz

Ақмола облысындағы 523 мектептің тек 194-і ға­на, яғни 38 пайызы лицен­зия­лан­ған күзетпен қамтылған. 329 мек­тепте мұндай күзет атымен жоқ. Департамент мұның негізгі се­бе­бін ауылдағы шағын жинақты мек­тептердегі оқушылар санының аз­дығымен түсіндірген. Мұндай бі­лім ошақтарында штаттық күзет­ші­лер бар, деп жазады Azattyq Rýhy Аikyn.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Дереккөз жазғандай, лицензияланған күзет не­гізінен тек қаладағы ірі мек­теп­терге, лицейлерге, гимназияларға жә­не оқушы саны көп білім ұйым­дарына қойылыпты.

«Бұл 329 мектеп мүлде күзе­тіл­мейді деген сөз емес. Өйт­кені лицензияланған күзеттің бол­мауы білім беру мекемелерінің қор­ғалмайтынын көрсетпейді. Бір­ақ екінші жағынан, штаттағы қа­рапайым күзетші мен лицен­зия­лан­ған күзет ұйымының арасы жер мен көктей екені айтпаса да тү­сі­нік­ті. Лицензияланған құрылым­ның кәсіби даярлығы, жедел әре­кет ету тетігі және техникалық қауіп­сіз­дік жүйелері сақадай сай. Сон­дық­тан шалғайда жатқан ауыл мек­тебінің қауіпсіздігін «күзетші бар» деген бір ғана жауаппен құты­лу жөн болмайтын сияқты», - деп жазған сайт.

Жалпы, облыстың барлық білім беру ұйым­дарында бейнебақылау жүйе­сі бар екені анықталған. Барлығы 17 500 камера жұ­мыс істейді. Оның 5 111-і сыртқы, 12 393-і ішкі камера. Бір мектепке ор­та есеппен 32 камерадан келеді. Ірі қалалық мектептерде, лицейлер мен мамандандырылған білім ұйым­дарында олардың саны 70-тен 150-ге дейін жетеді, – деді Бі­лім саласын бақылау департаменті.

Мақаланың толық нұсқасын Аikyn.kz сайтынан оқи аласыздар.