30.07.2024, 17:25
Спорт
Париж-2024: стенд атудан Мария Дмитриенко іріктеудің алғашқы кезеңінен сәтті өтті
Ол 4-орын алды
Фото: Сәли Сабыров/olympic.kz
Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Мария Дмитриенко іріктеудің алғашқы кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дмитриенко «трап» бағдарламасында сынға түсіп, алғашқы бәсекеде 4-орын алды. Ол жалпы есепте 73 ұпай жинаған. Оның 2 оғы нысанаға тимей қалды.
Екінші іріктеу кезеңі ертең өтеді.
ҰОК хабарлауынша, финалға алғашқы 6 спортшы ғана жолдама алады. Ал жарысқа жалпы есебі 30 спортшы қатысқан.
Іріктеу сынында 75 ұпаймен испаниялық Магрина Мар Молне көш бастап тұр. Екінші орында 74 ұпаймен тағы бір Испания спортшысы Фатима Галвес орналасқан. Үшінші сатыда австралиялық Пенни Смит.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады