«Жеңісімді әжемнің рухына арнаймын»: Олимпиадада сенсация жасаған өзбек қызы халқына алғыс айтты
Ол балалық шағы қалай өткенін жазған

Парижде дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған Өзбекстан спортшы Диера Келдиерова оған сеніп, жеңісі үшін дұға еткен халқына алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Менің өмірімдегі ең ұмытылмас, бақытты күндердің бірі-28.07.2024. Мен бұл медальді жанашыр әжеме арнаймын. Себебі олар мені 6 жасымда дзюдоға ғашық етіп, сол деңгейге жетуге мәжбүр етті. Мен әжемнің тәрбиесінде болдым және өмірдегі ең құнды сабақты содан алдым. Кейде олар маған өте қатал және талапшыл болғаны үшін қатты ренжіген едім. Енді мен үшін ең жақсыны қалағанын түсіндім. Ол қазір біздің арамызда емес, бірақ мен оның әрқашан мені мақтан тұтатынын білемін. Олимпиада чемпионаты соншалықты ұзақ және қиын жол болды. Мен әке-шешемнің, ата-әжемнің, жұбайымның қолдауымен мақсатыма жеттім», - дейді ол.
Спортшы ел президенті мен дзюдо федерациясына алғас білдірді.
«Командадағы бапкерлер мен дәрігер, психологтарға рақмет айтамын. Осы жолда маған сенген әрі дұға жасаған әрбір адамға алғыс», - деді спортшы.
Диера Келдиерова дзюдодан Өзбекстан үшін олимпиада медалін алған тұңғыш спортшы. Сондай-ақ ол әлемдік дзюдо жұлдызы, Токио олимпиадасының чемпионы, жапон спортшысы Уты Абэні жеңіп, сенсация жасады.