Париж-2024: бүгін спортшылар садақ ату, нысана көздеу, дзюдо және бокста бақ сынайды
Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 1 алтын, 2 қола жүлде бар
1 тамызда Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар садақ ату, нысана көздеу, дзюдо және бокста бақ сынайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Садақ ату
12:30-16:25, 18:30-22:25. Жекелей сын. Ерлер. Іріктеу.
Дәулеткелді Жаңбырбай – Х. Энрикес (Колумбия)
Александр Еременко – Б.Аддис (Франция)
Нысана көздеу
15:00-16:30. Үш позиция. 50 метр. Әйелдер. Іріктеу. Арина Алтухова, Александра Ле
Дзюдо
13:00-17:00 (Іріктеу), 19:00-22:00 (Финал). 100 келі. Нұрлыхан Шархан – Тома Никифоров (Бельгия)
Бокс
14:00-16:25. 50 келі. Әйелдер. 1/8 финал. Назым Қызайбай – К.Барбоса (Бразилия)
16:30-21:10. 63,5 келі. Ерлер. 1/4 финал. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Лаша Гурули (Грузия)
23:00-1:25. 92 келі. Ерлер. 1/4 финал. Айбек Оралбай – Лорен Берто Альфонсо Домингес (Әзербайжан)
Жарыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Кесте Астана уақытымен көрсетілген.
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.
Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 1 алтын, 2 қола жүлде бар. Медальдар кестесінде 15-орынға жайғасты.