Қазақстандық боксшы Олимпиадада трансгендермен жұдырықтасуы мүмкін

Аягөз Құрмаш

Халықаралық олимпиада комитеті екі трансгендердің  әйел ретінде қатысуына рұқсат берді

Қазақстандық боксшы Олимпиадада трансгендермен жұдырықтасуы мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) өкілі Марк Адамс баспасөз мәслихатында Олимпиада ойындарына жіберілген боксшыларға қысым көрсетпеуге шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, осы кезеңде спортшылар талаптарға сай келеді. Төлқұжат бойынша олар әйелдер екенін және көптеген жыл бойы жарыстарға қатысып жүргенін түсіндірді.

«Ал қазір оларды стигматизациялау дұрыс болмас еді. Олар Токиода өнер көрсетті. Олар -әйелдер, бұл жеткілікті», - деді Адамс.

ХОК алжирлік боксшы Имана Хелиф пен тайваньдық Лин Юйтиннің қатысуын мақұлдады, олар 2023 жылғы әлем чемпионатында гендерлік сынақтан өтпей, Париж Олимпиадасында әйелдер арасындағы жарыстарға қатысудан шеттетілген еді.

Екі спортшы да 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында бақ сынады, алайда 2023 жылы Нью-Делиде өткен әлем чемпионатында олар гендерлік сынақтан өте алмады.

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) басшысы Умар Кремлевтің айтуынша, Үндістандағы әлемдік біріншіліктегі кейбір спортшылар әйел ретінде көрінуге тырысты, бірақ генетикалық сынақтардың нәтижелері бойынша олардың ху-хромосомалары бар екендігі дәлелденді.

Ал бұл трансгендерлер 57 салмақта өнер көрсетеді. Қазақстан атынан 57 салмақта жұдырықтасатын Карина Ибрагимова қалды. Демек, қазақстандық спортшы шаршы алаңда бұрын еркек болған әйелдермен жұдырықтасуы мүмкін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.