Көкпардан Ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындықты күшейтті

Azattyq Rýhy

Ұлттық құрама Алматы облысында жаттығып жатыр 

Астанада өтетін 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеевтің айтуынша, осы оқу-жаттығу жиыны аясында қыркүйекте өтетін ойындарға қатысатын жылқылар дайындалып жатыр. Барлығы 40 жылқының ішінен мықтылары іріктеледі. Оның сөзінше, команда дайындығы қазір жақсы деңгейде.

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Ұлттық құрамаға Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген командалар мықты қарсылас бола алады.

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

«Екі айдан бері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатырмыз. Еліміздің намысын абыроймен қорғаймыз деп үміттенеміз. Осындай маңызды спорттық жарыстың елімізде өтіп жатқаны бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бірінші оқу-жаттығу жиынында өзіміздің күш-қайратымызға баса мән берсек, енді жылқыларды дайындап жатырмыз», деді көкпардан Ұлттық құрама мүшесі Әділет Мамыт.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.