25.07.2024, 12:15
Спорт
Париж олимпиадасына 1 күн қалды: қызық деректер топтамасы
Қазақстан құрамасының туын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова ұстап шығады
Фото: x.com/Paris2024
26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада ойындарының басталуына 1 күн қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүкіл әлем халқы көз тігіп отырған шара жөнінде қызық деректер ұсынамыз:
- Олимпиада ойындарының ашылуы күні Париждегі әуе кеңістігі жабылады.
- Парижді 75 мыңға жуық полиция, сарбаздар мен жалдамалы күзетшілер күзетеді.
- Бұл Парижде өткелі отырған үшінші жазғы Олимпиада.
- Соңғы халықаралық жарыс Франция астанасында дәл 100 жыл бұрын өткен.
- Париж Олимпиадасында 80 қазақстандық спортшы сынға түседі.
- Қазақстан құрамасының туын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова ұстап шығады.
- Алғаш рет қатысушы елдердің спортшылары стадионда емес, Сена өзенінде қайықпен жүзіп өтеді.
- 206 елден 10,5 мыңға жуық спортшыны тасымалдау үшін 80 қайық іске қосылады.
- Олимпиада ойындарына алғаш рет брейкинг қосылды. Жарыс бағдарламасынан карате, бейсбол және софтбол сынды спорт түрлері алынып қалды.
- Әйелдер алғаш рет жазғы Олимпиадаға 1900 жылдан бастап қатыса бастады. Бұл кезде де жарыстар Парижде өткен. Ол кезде небәрі 13 әйел қатысқан.
- 2024 жылғы Олимпиада ойындары – тарихтағы алғашқы гендерлік тең (әйелдер мен ерлер 50 пайыздан) жарыс.
- Әйгілі америкалық рэпер Снуп Догг олимпиада алауының эстафетасына қатысады.
- Бар әлемнен 26 мың журналист аккредитация алған.
- Париждегі олимпиадалық ауылда 2 500-ге жуық үй салынды. Ойын кезінде аталған ауыл 14 500 атлетті сыйдыра алады.
- Жабылу салтанатында эстафета АҚШ-қа жолданады. 2028 жылғы жазғы Олимпиада Лос-Анджелесте өтеді.
Көп оқылған
23.05.2026, 06:23
Пойыздағы апат: үстіне лас шу шашыраған жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды
23.05.2026, 08:19
Атырауда мұғалімнің өліміне қатысты сот процесі басталды
23.05.2026, 07:33
Найзағай мен үсік: 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
23.05.2026, 10:01
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
23.05.2026, 10:38
Щучинскідегі бес қабатты қонақүйден өрт шықты
23.05.2026, 11:03
Қарағандыда тұрғындарды бопсалаған қылмыстық топ мүшелері сотталды