Рыбакина Париж олимпиадасына қатыспайды: Қазақстан теннис Федерациясы себебін айтты

Azattyq Rýhy

Теннисшінің спорттық додадан тыс қалуына денсаулығы себеп болған

Рыбакина Париж олимпиадасына қатыспайды: Қазақстан теннис Федерациясы себебін айтты
Фото: ktf.kz

Қазақстан теннис Федерациясы 25 шілдеде теннистен әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Федерацияның мәліметінше, қазір Рыбакина жедел бронхитпен ауырады, дәрігерлер оған тек кортқа шығуға ғана емес, сонымен қатар жарыстарға ұшуға да тыйым салды.

«Рыбакина олимпиадада жоғары деңгей көрсетуге үміттеніп, ойындарға белсенді дайындалды, бірақ аурудың салдарынан бұл мүмкін болмады. Қазақстан теннис Федерациясы спортшыға тезірек сауығып кетуін және кортқа сәтті оралуын шын жүректен тілейді. Біз оның күшіне сенеміз және оның жаттығулар мен жарыстарға оралуын күтеміз», – делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.