Елена Рыбакина Олимпиададан тыс қалуына қатысты мәлімдеме жасады

Azattyq Rýhy

Ол денсаулығының әлі де қалпына келмегенін айтты

Елена Рыбакина Олимпиададан тыс қалуына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ktf.kz

Теннистен әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина 25 шілдеде 2024 жылғы Олимпиадаға қатысудан бас тарту туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті қазақстандықтар! Бұл туралы хабарлау маған да оңай болып тұрған жоқ, бірақ, өкінішке қарай, мен Париж Олимпиадасына қатыса алмаймын. Уимблдон турнирінен кейін мен жедел бронхитпен ауырдым және жаттығуға қайта оралуға тырысқаныма қарамастан, денсаулығым әлі қалпына келген жоқ. Дәрігерлер маған кортқа шығуға қатаң тыйым салды. Үміттеріңізді ақтай алмайтыныма және Париж Олимпиадасында біздің құрама сапында өнер көрсете алмайтыныма өкінемін. Мен Токиода медаль алуға өте жақын болдым және Қазақстан атынан алтын алу үшін Париж ойындарына мұқият дайындалдым», - делінген хабарламада.

Ол денсаулығының сыр беруі бұл жоспарлардың орындалуына жол бермегенін атап өтті.

«Барлық қазақстандық спортшыларға Парижде сәттілік пен табыс тілеймін! Мен барлық спортшыларымызды қолдаймын және олар біздің елімізді олимпиадаға лайықты түрде ұсына алады деп сенемін. Алға, Қазақстан!», - деп түйіндеді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.