БҰҰ Бас хатшысы Париждегі Олимпиада кезінде «қарудан бас тартуға» шақырды

Аягөз Құрмаш

БҰҰ елдері арнайы қарарды бір жыл бұрын қабылдаған

БҰҰ Бас хатшысы Париждегі Олимпиада кезінде «қарудан бас тартуға» шақырды
Фото: Синьхуа

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш ашылу салтанаты 26 шілдеде өтетін Париждегі Олимпиада ойындары кезінде көпшілікті «қаруды тастауға» шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлем спорт мерекесін атап өту үшін Парижде жиналады», - деді А.Гутерриш 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына арналған алдын ала жазылған бейне хабарламасында.

Гутерриш Олимпиада ойындары үміт әкелетінін, мәдени айырмашылықтарды жеңетінін, адамдарды біріктіретінін және өзара құрмет пен адал ойынға ықпал ететінін атап өтті.

Ол қару-жарақты тастауға, көпір салуға, ынтымақтастықты нығайтуға барлық адам үшін бейбітшілікке ұмтылуға шақырды.

«Олимпиада алауы бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен келісімге жол ашсын», - деді ол.

2023 жылдың қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ-ға мүше елдерді 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтетін бітімгершілікті сақтауға шақыратын қарар қабылдады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.