$ 539.56  627.35  6.84
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2025, 16:17
Қоғам

Ойыл мектебінде босанып қала жаздаған 14 жастағы оқушы қызды дәрігерлер соңғы рет наурызда тексерген

Бұған дейін қыздың жүкті екенін үш тексеру де анықтамаған деген ақпарат тараған еді

Ойыл мектебінде босанып қала жаздаған 14 жастағы оқушы қызды дәрігерлер соңғы рет наурызда тексерген
Фото: gov.kz

Бүгін Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев күні кеше Ойыл ауылында болған сұмдық оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының Ойыл ауылында 14 жастағы оқушы қыз сабақ үстінде босанып қала жаздаған. Ауруханаға барған кезде дәрігерлер қыздың аяғы ауыр екенін сол кезде ғана біліп, оны аман-есен босандырып алған.

Қызды алпыс жастағы өгей әкесі зорлаған деген күдік бар. Полиция қылмыстық іс қозғап, ер адамды қамауға алған.

Білім басқармасы таратқан түсініктемеде қыздың жүкті екенін жақындары да білмегені айтылған. Әртүрлі дереккөздер мектепке үш рет дәрігерлер келіп, балаларды тексергенімен, қыздың жүкті екенін байқамаған деген ақпарат таратқан.

ДСМ өкілі баланың тек бір рет қана – осы жылдың наурыз айында скрининг аясында тексеруден өткенін хабарлады.

«Мектепте айтарлықтай бір тексеру емес, кәдімгі скрининг өткен. Дәрігерлер балалардың көзін, жалпы денсаулығын тексерген. Скрининг аясында акушер-гинекологтар болмайды. Оның үстіне тексеру осы жылдың наурыз айының басында болған. Ол кезде оқушы қыздың жүктілік мерзімі өте ерте еді. Ал “3–4 рет тексеру болды” деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары