15.10.2025, 14:05
Қоғам
Дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға сотталуы мүмкін – вице-министр
Министрлік заң жобасын күздің соңына дейін қабылдайды деп болжап отыр
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вице-министрдің сөзінше, ведомство заң жобасын күздің соңына дейін қабылданады деген болжам бар.
«Біріншіден, медицина қызметкерлеріне олардың кәсіби міндеттерін орындау кезінде шабуыл жасау бойынша жеке бап енеді. Екіншіден, жаза қатаңдайды, айыппұл мөлшерінен бастап бас бостандығынан айыру мерзіміне дейін жаза күшейеді», – деді Сұлтанғазиев.
Ол атап өткендей, медицина қызметкерін ауыр жаралағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 17:55
Пышақпен қорқытып, шоттарынан ақша шешкен: Астанада бірнеше қылмыс істеген екі жасөспірім 5 жылға сотталды
27.11.2026, 20:11
«Қазатомөнеркәсіптің» қос топ-менеджері екі ай мерзімге қамауға алынды
