$ 539.56  627.35  6.84
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2025, 17:26
Қоғам

Қостанайлық келіншек үйіне паркет төсеп берген екі жұмысшыдан 1,5 млн теңге өндіріп алды

Жұмысшылар оның қымбат паркетін бүлдіріп алған екен

Қостанайлық келіншек үйіне паркет төсеп берген екі жұмысшыдан 1,5 млн теңге өндіріп алды
Фото: istockphoto.com

Қостанай қаласының соты қара жұмыс істейтін екі адамға қатысты азаматтық істі қарап, арыз берген әйелдің құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс материалдарына сенсек, әйел биыл мамырда 700 мың теңгеге паркет пен оны төсейтін желім сатып алған. Дүкендегі сатушылар паркетті сапалы төсеп береді деп екі азаматтың байланыс нөмірлерін берген екен. Әйел соларға хабарласып, ауызша келісімге келіп, жұмыстары үшін 140 мың теңге төлейтін болып келіскен.

«Жұмысшылар паркетті төсеп біткенде әйелдің жұмыс сапасына көңілі толмаған. Ол кейбір жерге желім жағылып қалғанын, сондықтан, еден былғанғандай түрде көрінетінін айтқан. Екі жұмысшы кемшілікті жоямыз деп ертінді сатып алып, онымен еденді сүрткен. Бірақ, бұдан кейін жаңа паркет тіпті жарамсыз болып қалған. Ауызша келісімге сай, жұмысшылар өздеріне жүктелген міндетті сапалы орындау керек болатын. Ал сотқа келген тәуелсіз сарапшы паркеттің расымен де жарамай қалғанын растаған», - деп хабарлайды Қостанай соттары.

Осылайша, істі қараған судья әйелдің материалдық және моральдық шығындарын ескере отырып, екі жұмысшыдан оның пайдасына 1,5 млн теңге өндіріп берді.

Серіктес жаңалықтары