$ 549.15  643.88  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2025, 14:00
Қоғам

Енді «СЭС» мамандары мектеп асханаларына аяқ асты тексеріспен бара алады

Алғашқы тексеріс кезінде анықталған олқылықтар жойылмаса, айыппұл салынады

Енді «СЭС» мамандары мектеп асханаларына аяқ асты тексеріспен бара алады
Фото: istockphoto.com

Енді санитарлық-эпидемологиялық қызмет мектеп асханаларына алдын ала хабар бермей тексеріс жасай алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың айтуынша, директорды немесе білім басқармасының басшысын қызметінен алып тастау мектеп асханаларындағы улану проблемасын шешпейді. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу қажет. Ол үшін депутаттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметке мектеп асханаларына аяқ асты тексеріспен баруға мүмкіндік берген.

«Біз арнайы заң дайындадық, ол санитарлық-эпидемиологиялық қызметке алдын ала «мен келемін» деп айтпай-ақ, керек уақытта тексеріс жасауға мүмкіндік береді. Яғни олар сүйінші сұрамай барады, тексереді, анықтайды. Бірінші рет тексеріп, проблеманы анықтағанда, тиісті ұсыныстар береді. Егер сол ұсыныстар қаншалықты орындалғанын тексеруге барғанда мәселелер шешілмесе, онда айыппұл төлейді», - деп түсіндірді Аймағамбетов Мәжіліс кулуарында.

Серіктес жаңалықтары