$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:35
Қоғам

«Дұрыс шешім»: вице-министр зейнетақы ақшасына тіс емдетуге тыйым салу жайлы ойын айтты

Оның айтуынша, болашақта бұл қызмет түрі толық тоқтайды

«Дұрыс шешім»: вице-министр зейнетақы ақшасына тіс емдетуге тыйым салу жайлы ойын айтты
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Оспанов зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салу туралы ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Негізі, тергеу айтып жатқан сома тергеуге белгісі ғана. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім. Әзірге бұйрық жобасы бар, ол қаралғанда болашақта бұл қызмет түрі жабылады», - дейді ол.

Вице-министр сондай-ақ тіс емханаларына лицензия беру процесі күшейіп, оларды тексеруге де назар аударылады дейді.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Атырауда жалған стоматологиялық қызметтер арқылы азаматтардың зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге ақшасын шешіп берген бес қылмыстық топ тергеліп жатыр. Қаржы мониторинг агенттігі бұл істе 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлады. Дегенмен, тергеуде елу адам және 200-ден астам дроппердің ісі де бар екені хабарланған. Ал, тіс емдету үшін зейнетақы қорындағы артық ақшасын алған азаматтар қылмыстық іске тартылмайтын болды. 

Ал күні кеше Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы «артық» ақшасына тіс емдетуге мүлде тыйым салуды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары