$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:50
Қоғам

Дамыған мемлекеттер мектепте ғана емес, университетте де смартфон ұстауға тыйым салады – депутат

Мәжілісмен шетелдік тәжірибені мысал етті

Дамыған мемлекеттер мектепте ғана емес, университетте де смартфон ұстауға тыйым салады – депутат
Фото: freepik.com

Әлемде дамыған мемлекеттердің 40 пайызы мектепте ғана емес, жоғары оқу орындарында да смартфонды сабақ уақытында пайдалануға толық тыйым салған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ЮНЕСКО-ның зерттеуі бойынша қазір әлемде дамыған мемлекеттердің 40 пайызы мектептерде ғана емес, жоғары оқу орындарында да смартфонды сабақ уақытында пайдалануға толық тыйым салып отыр. Оның көрсеткіштері өте жоғары. Ал керісінше смартфонды пайдалануға берген мектептердегі зерттеулер бойынша, мысалы мен Үндістанның ірі зерттеу журналдарының материалымен таныстым, ол жерде балаларда психологиялық ауытқулар, тұрақсыздықтар, әлеуметтік алаңдаушылық байқалады. Сол себепті мектептерде қазір жаппай сабақ уақытында смартфон пайдалануды доғару керек деп есептеймін», - дейді ол Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, балалар онлайн емес, оффлайн форматта бір-бірімен араласып, достық қарым-қатынаста болуы керек.

Серіктес жаңалықтары