«Не молчи» еріктілері дәрігерден зорлық көрген медбике ісіне қатысты сот шешімімен келіспейді

Жарияланған:
29.10.2019, 19:32

«Не молчи» қорының президенті Динара Смаилова мен #НеМолчиДетиKZ қорының директоры Алмат Мұхамеджанов Шымкент қаласында БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді

Еріктілер медбикені зорлады деп айыпталған дәрігерге қатысты сот шешімімен келіспейді. Олардың айтуынша, медбикенің зорланғаны 100% дәлелденген. Сол себепті, соттың күдіктіні ақтағаны ақылға қонымсыз деп есептейді.

«Сот шешіміне қоғамның өзі қарсы. Біз еріктілерміз. Біздің осында келуімізге Facebook, Instagram әлеуметтік желі қолданушылары көмектесіп, ақша жинап берді. Facebook қолданушылары да сот шешіміне наразы. Біз Шымкентке баратынымызды хабарлап едік, осында ұшып келуімізге, қонақ үйде жатуымызға, мына мәжіліс залын жалға алуға қаражат жинап берді. Қылмыстық іс әділ қаралғанда, мұндай әңгіме болмас еді. Сотта тергеушінің өз жұмысына селсоқ қарағаны үшін қаулы шығарған. Сот қаулыны жайдан-жай шығармайды. Біз қазір қоғамға сот шешімімен түбегейлі келспейтінімізді айтқымыз келеді. Қазір бұл қыздың өмірі үшін қауіптеніп тұрмыз. Өйткені, сот шешімі шыққанан кейін де жәбірленушіні қорқытып, кабинетінің астаң-кестеңін шығарған. Біз мұнымен тоқтап қалмай, соңына дейін барамыз», - дейді «Не молчи» қорының президенті Динара Смаилова.

Жәбірленушінің кабинеті

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы аумағында орналасқан Түркістан облыстық емханасының медбикесі өзімен әріптес дәрігер жұмыс орнында зорлық көрсетті деп, сотқа берген. Алайда, Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты күдіктінің кінәсі дәлелденбеуіне байланысты «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер» баптары бойынша кінәсіз деп шешім шығарды және оны сот залынан босатқан еді. Енді жәбірленуші тарап арызды жоғарғы инстанцияларға жолдайтындарын айтып отыр.

Арай Есенбек, Шымкент

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Алматылықтардың басым көпшілігі ипотекамен үй ала алмай отыр
Нұр-Сұлтандағы жылы аялдамалар әлі іске қосылмаған
«Егемен Қазақстан» ғасырлық мерейтойын атап өтті

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов