$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.10.2019, 08:18
Қоғам

«Лаңкестікпен айналыспадық»: Сириядан келген қазақтар соғыста не істегендерін айтты

Кейбірі тіпті «Аллаһу әкбарды» не үшін айтып жүргенін де білмейді

«Лаңкестікпен айналыспадық»: Сириядан келген қазақтар соғыста не істегендерін айтты

Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған қазақтардың соты жалғасып жатыр. Олар майдан даласында немен айналысқандарын айтып берді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Лаңкес деп айыпталып жатқан күдіктілер өздерінің әр түрлі қызмет атқарғандарын айтып ақталып жатыр. Мәселен, бірі күзетші болдым десе, өзгесі байланыс қызметін атқардым дейді. Тағы бір сотталушы тек көлік жүргізгенін айтып отыр.

2013 жылы Сәтбаев қаласынан Сирияға аттанған Данияр Алтаевтың лақап аты – Әбу Юсуф. Оның күрдтердің ауылына шабуыл жасағанда жаяу әскерді алыстан бүркемелеп тұратын көлігі болған. Үстіне орнатылған пулеметті Нұрлан есімді тағы бір қазақ атып отырыпты. Ол ұрыс даласында көз жұмған да, Данияр оң қолынан жараланып ауруханаға түскен. Кейін тағы оң аяғынан жараланып, қазір аяғына темір салынған күйі жүр.

Сұрауға алынған екінші сотталушы Дәурен Сәбитұлы балаларды оқыту, жесір әйелдерге көмектесумен айналыса жүріп, күзет қызметінде де болған көрінеді.

Жалпы, сотталушылар бір-бірін таныса да, жақын араласпадық деп ақталды. Тек кімнің қандай қызмет атқарғанынан хабардар. Олар тек Сирияға барғанын, соғысқа қатысқанын ғана мойындайды. Бірақ лаңкестік топ құрып, оны басқарды, елді терроризмге шақырды деген айыптаулармен келіспейді. Кейбірі тіпті «Аллаһу әкбарды» не үшін айтып жүргенін де білмейді.

Серіктес жаңалықтары