30.10.2019, 11:43
Қоғам
«Сіз халқымызға керексіз»: Мемлекет басшысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті марапаттады
Биыл көрнекті жазушы 95 жылдық мерейтойын атап өтті
Мемлекет басшысы халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісін табыстады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті.
«Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әбдіжәміл Нұрпейісов Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.
Көп оқылған
08.09.2026, 12:48
«Өзіме де қызық»: Жұлдыз Сүлейменова «қыркүйек» пен «қыргүйекке» қатысты ойын айтты
08.09.2026, 17:29
БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
08.09.2026, 15:48
Қазақстандық танымал блогер Трамптың ұлымен бірге тауға шығамын деп адасып кетті (ВИДЕО)
08.09.2026, 19:30
БҚО тұрғыны талма ауруына байланысты жүргізуші куәлігінен айырылды