12.08.2025, 14:21
Қоғам
Қазақстан мектептерінде 194 дәретхана әлі далада орналасқан
Олардың барлығы жыл соңына дейін сүріледі
Фото: Динара Зәкиеваның Facebook парақшасынан
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде даладағы әжетханалардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр даладағы дәретханалар саны өткен жылдармен салыстырғанда әжептәуір азайғанын атап өтті. Бірақ оларды толығымен жою үшін әкімдік қосымша қаражат бөлуі керек.
«Біз жылы дәретханалар мен даладағы әжетханалар бойынша жыл соңына дейін жоспар құрдық. Даладағы әжетханалардың саны 194 болып шықты. Олар жабылған, жұмыс істемейді деп баяндалған еді. Қазір біз оларды толығымен сүріп тастауды талап етіп отырмыз. Жыл соңына дейін бұл дәретханалар бұзылады деп ойлаймын, осылайша бұл мәселеге нүкте қоямыз», - деді Бейсембаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 21:23
Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды
05.09.2026, 22:29
Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты