$ 542.29  629.54  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2025, 14:45
Қоғам

Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «ұлттық» мәртебе алды

Президент тиісті құжатқа қол қойды

Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «ұлттық» мәртебе алды
Фото: instagram.com/aimagambetov/

Президенттің жарлығына сай,  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «ұлттық» мәртебе алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, халықтан сүйінші сұрады.

«Бұл- әділетті әрі тарихи шешім. Себебі 1991 жылға дейін Қазақстанда тек екі ғана университет деңгейіндегі жоғары оқу орны болды: ҚазМУ және КарМУ (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Бұл факт КарМУ-дың сол кездегі де, бүгінгі де деңгейі мен әлеуетін айқын көрсетеді. Ол әлеует әлі күнге дейін бар және жаңа деңгейге көтерілуге дайын. Жаңа мәртебе- бұл университеттің жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар ғылым, білім және кәсіби даму үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы», - деп жазды Аймағамбетов.

Оның айтуынша, ұлттық мәртебе алған университеттің бюджеті де көбейеді. Демек, Аймағамбетов жазғандай, ұстаздардың еңбекақысы көбейіп, университеттің материалдық-техникалық базасы жақсарады.

Серіктес жаңалықтары