«Jastar-X»: Павлодарда бас қосқан жастар қазіргі трендтерді талқылады
Бүгін Павлодарда жастар форумы өтіп жатыр

Бүгін Павлодарда өтіп жатқан жастар форумының қатысушылары Жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында өткен «Jastar-X» республикалық диалог алаңына қатысып, жұмыстағы трендтерді талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы хабарлағандай, жастар заманауи трендтерді, сондай-ақ жұмыс орындарындағы өзекті мәселелерді талқылаған.
«Пікірталасқа «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Әділ Құсманов, «Bibigul Tuligenova Creative School» бас директоры Арнұр Мәденов, фермер және «Dala Camp» жобасының негізін қалаушы Жәнібек Кенжебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, депутат Павлодар қалалық мәслихатының Гүлзира Атабаева, лор-дәрігер, Қазақстандағы оториноларингология саласындағы инновациялық және тәжірибелі маман Медет Маханбет, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, отоларинголог-дәрігер, сондай-ақ қазақ тіліндегі «Aqyl Battle» зияткерлік ойынының әзірлеушісі Айболат Құлатай өз пікірлерін айтып, тәжірибелері туралы әңгіме өрбітті», - деп хабарлайды басқарманың ресми сайты.
Айта кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастар форумына қатысып жатқан жас өрендерге үндеу жолдаған болатын.