$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2025, 09:39
Қоғам

Бүгіннен бастап қазақстандықтар Илон Масктың Starlink интернетіне қосыла алады

Тарифі айына 23 мың теңгеден басталады

Бүгіннен бастап қазақстандықтар Илон Масктың Starlink интернетіне қосыла алады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

13 тамыздан бастап Қазақстанда Starlink интернеті ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2025 жылғы 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында спутниктік интернет қызметтерін ресми түрде ұсына бастады. Бұл еліміздің тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жылдамдығы жоғары және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Starlink технологиясының арқасында шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтар да тұрақты интернетке қосылып, халық заманауи цифрлық сервистерді пайдалана алады.

SpaceX компаниясының ресми сайтында жарияланған ақпарат сүйенсек, интернет тарифі айына 23 мың теңгеден басталады.

Естеріңізге салайық, биыл 12 маусымда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойған болатын. Келісімде ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талапты орындау міндеті қамтылған.

Серіктес жаңалықтары