Air Astana Дубай мен Дохаға ертең де ұшпайды
Рейстер Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа байланысты тоқтаған

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыста қақтығыстың шиеленісуіне байланысты 24 маусымға жоспарланған рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты Air Astana компаниялар тобы 24 маусымда мынадай рейстерді тоқтатады:
- КС205/206/Астана-Дубай-Астана;
- КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы;
- KC551/552/Шымкент-Доха-Шымкент (чартер).
«Осы рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билет құнын толық қайтару ұсынылады. Air Astana әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалап отыр және жағдайдың жақсарғанына қарай рейстерді 25 маусымнан жаңғырту мәселесін қарастырады», - делінген хабарламада.
Жолаушылар мына телефон нөмірлері арқылы әуе компаниясына хабарласып, қосымша ақпарат ала алады:
- +7 727 244 4477 (24/7)
- +7 7172 584477 (24/7)
- +7 702 702 4477 (24/7).
Рейстердің кідіруі және тоқтауы бойынша қауырт желі:
- +7 7272 44 44 78 (24/7)
- WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7)
- Online chat: airastana.com (24/7).
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ираннан 230 адам және Израильден 66 адам эвакуацияланғанын хабарлаған.