$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.06.2025, 17:50
Қоғам

Астанада әйелді өлтіріп, 25-ші қабаттан секіріп кеткен күдіктінің жағдайы құпия ақпарат болып шықты

Қазір ер адам дәрігерлердің бақылауында

Астанада әйелді өлтіріп, 25-ші қабаттан секіріп кеткен күдіктінің жағдайы құпия ақпарат болып шықты
Фото: t.me/astanovka98

Астанадағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы тергеуге байланысты 25-ші қабаттан секіріп аман қалған күдіктінің қазіргі жағдайы туралы ақпаратты жария етуден бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталық ақпаратынша, пациент ауруханаға көптеген жарақатпен түскен. Шұғыл медициналық көмек толық көлемде, жедел медициналық көмек көрсету хаттамаларына сәйкес жүргізілді.

«Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы, болжамы және әрі қарайғы емдеу барысы мультидисциплинарлы мамандар тобының бақылауында. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» заңының талаптарына, сондай-ақ қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеуге байланысты, Орталық пациенттің жеке деректерін, оның ішінде жағдайының жай-жапсары, жарақаттарының сипаты және ауруханаға жатқызылу мән-жайларын жария етуге құқылы емес екенін ескертеміз», - делінген хабарламада.

Медициналық ұйым қолданыстағы заңнама мен этикалық нормалар аясында әрекет етіп, әрбір пациентке оның келіп түсу жағдайына қарамастан көмек көрсетеді, деп атап өтті орталықтағылар.

Естеріңізге салайық, Астана тұрғыны азаматтық некедегі әйелін пышақтап өлтіріп, артынша өзі 25-қабаттан секіріп кетіп, тірі қалған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Марқұмның артында екі баласы қалды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #күдікті