$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2020, 17:42
Қоғам

Шетелден ұшып келген қазақстандықтар неше күн карантинде болады

Еліміздің мемлеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 6 маусымдағы қаулысын түсіндірді

Шетелден ұшып келген қазақстандықтар неше күн карантинде болады
Фото: ашық дереккөзден

Айта кетейік, 6 маусым күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова халықаралық рейспен келген азаматтарды күтіп алу, карантинге жатқызу туралы жаңа ереже бекітті.

Бұрын шетелден келген азаматтардың көбі 14 күн карантинде болатын болса, бас санитардың қаулысы бойынша бұл талап жеңілдетілген. Бірақ, халықаралық рейстердің ұшуына әлі рұқсат бермеген.

«Өзімнің қаулымда қосымша жеңілдік енгіздік. Яғни, бұрынғыдай, ұшқан кезде анықтама көрсетуге болады. Ал, анықтамасы жоқ адамдар зерттеу жүргізу үшін екі күн карантинге жатады. Олардан вирус табылмаса, карантиннен босталып, қолхат тапсырады. Оларға коронавирус кезінде пайда болатын симпомдарды айтып, ескертеміз. Бұл тек қазақстандықтар ұшып келген шетелдік рейстерге қатысты. Ал, жалпы, халықаралық рейстер әлі ұшпайды, оларға әлі рұқсат берілген жоқ», - деп түсіндірді Есмағамбетова.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары