$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2025, 09:47
Қоғам

Астанада 100-ден аса адамның миллиондаған ақшасын ұрлаған алаяқтар ұсталды

Қазір олар қамауда отыр

Астанада 100-ден аса адамның миллиондаған ақшасын ұрлаған алаяқтар ұсталды
Фото: freepik.com

Түркістан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтыққа қатысты 200-ден астам қылмыстық істі талдап, нәтижесінде жүзден астам адамды сан соқтырған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық топ мүшелері арам пиғылын іске асыру үшін дропперлерді арнайы іздестіріп, оларды оқытқан. Сөйтіп оларға банк карталары арқылы ақша аударған. Қылмыстық топқа мүше болған әр адамның міндеттері нақты бөлінген. Мәселен, біреуі қауіпсіздікке жауап берсе, енді бірі қылмыстық қудалау орбитасына түскен жағдайда жауапкершіліктен жалтару әдістері бойынша нұсқаулық жүргізген, тағы біреуі ақша үздіксіз түсіп тұруы үшін топтың жұмысын үйлестірген.

«Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық топ 100-ден астам азаматтың 150 млн теңгеден астам ақшасын ұрлап, оны қолма-қол ақшаға айналдырған. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топты Астана қаласында Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады», - деп мәлімдеді Түркістан облысының прокуратурасы.

Қазір қылмыстық топтың мүшелері қамауда, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары