$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2019, 11:29
Қоғам

Қостанайда адам өлтіріп сотталған ҰОС ардагері қайтыс болды

Ол биыл Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында уақытынан бұрын түрмеден босатылған

Қостанайда адам өлтіріп сотталған ҰОС ардагері қайтыс болды
alau.kz

Қостанайда 94 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Сурков қайтыс болды деп жазды Alau.kz. Ол бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталған еді.

2018 жылы Иван Сурков өзінің 80 жастағы қайнысын өлтіріп қойған. Сот оны айыпты деп тауып, алдымен бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Алайда, кейін түрмеге қамалды. Ал, биыл Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ол уақытынан бұрын босатылған еді.

5 қазан күні Иван Сурков құлап, жамбасын сындырып алған. Бүгін таңертең ол емделу үшін жатқызылған пансионатта көз жұмды. Күтуші әйелдің айтуынша, ол ұйытап, қайта оянбаған.

Ссоғыс ардагері 1925 жылы Қостанай облысындағы Янушевка ауылында туған. Төртінші украиндық фронт құрамында соғысып, Донбасс, Запорожье, Севастополь қалаларын босатуға қатысқан. 1951-1958 жылдар аралығында мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

Серіктес жаңалықтары