$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2019, 20:48
Қоғам

Нұр-Сұлтан қаласы Digital Bridge Awards жүлдесін иеленді

Жүлде Қазақстандағы қарапайым тұрғындарға арналған цифрландыру саласындағы ең үздік кеңсе номинациясы үшін берілді.

Нұр-Сұлтан қаласы Digital Bridge Awards жүлдесін иеленді

Елордада ІІ халықаралық «Digital Bridge» технологиялық форумы өтті. Іс-шарада танымал ІТ мамандар мен кәсіпкерлер цифрлық даму саласындағы инновациялық шешімдер мен тәжірибелерімен бөлісті

Форумға қатысушылар цифрландыру қарапайым азаматтарға арналғанын айтады. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында нақты проблемаларды шешуге арналған smart жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мысалы Smart Astana мобильді бағдарламасы 70-ке жуық мемлекеттік және коммерциялық сервистер мен қызметтер ұсынып келеді. Солардың арасында ең танымалы - дәрігерге жазылу, оны үйге шақыру, айыппұлдар мен әкімшілік құқықбұзушылықты тексеру, денсаулығына байланысты анықтамаларды тексеру, «тазалық» анықтамасын алу. «Белсенді тұрғын» қызметінде азаматтар қаладағы проблемаларды сауалнамалар мен ұсыныстар арқылы шешуге ат салысады. Қала тұрғындары анкеталарды толтырып, сыйлыққа алмастыруға болатын балл жинайды. Smart Astana мобильдік бағдарламасы арқылы «Атамекен» ҰКП анкета-скринингын толтырған адамдар, мысалы футбол матчына билет ала алады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Сарыарқа ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы қосылған болатын. Бұл жоба аудан тұрғындарының әкімдіктің 500 млн теңгені қайда жұмсайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Қатысу ережесі қарапайым және барынша ашық. Жобаға басқа ауданның тұрғындары да дауыс бере алады, егер жобаны қолдауға көп дауыс жинаса әкімдік оны жүзеге асырады.

Сонымен қатар, қалада Open Data ашық мәліметтер порталдарының жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Порталда 8 санат (білім, денсаулық сақтау, көлік, ТКШ, қалалық қызметтер, экология, жаңалықтар мен іс-шаралар) бойынша 20 қызмет жиынтығын көруге болады. Нұр-Сұлтан қаласындағы статистика бойынша, мектептер мен балабақшалар туралы мәліметтер, оның ішінде білім ордаларына онлайн тіркелу, 109 қызметіне хабарласу, сұрақтарға жауап алу, автобустардың қозғалысын бақылау, КХЖ тізімін қарау сияқты қызметтер көш бастап тұр. Қала мектептерінде оқушыларға төлем үшін бір карта ұсынылуда. Яғни асханада ас үшін төлеу, автобустарға төлем жасау және баланың сабаққа қатысуын қадағалау қызметі бір картаға енгізіледі.

Елорданың 36 мектебінде STEM лабораториялық кабинеттері жабдықталған. Балабақша қабырғасында робототехника негіздерін үйрететін 20 алаңқай ашылды. Сондай-ақ, инклюзивті білім беруді мектепалды даярлық топтарынан бастайтын мемлекеттік тапсырыс алғаш рет қолдау тауып отыр.

Серіктес жаңалықтары