$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қосылған құн салығы өссе, пойыз бен әуе билеті қымбаттай ма - Ластаев жауап берді

Пойыз билетіне бұл салық әсер етпейді

Қосылған құн салығы өссе, пойыз бен әуе билеті қымбаттай ма - Ластаев жауап берді
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев қосылған құн салығы қымбаттаса, пойыз және әуе билеттерінің құны өсе ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Теміржол билеттері қымбаттамайды. Пойыз билеттерін реттейміз,  ол субсидия арқылы қаржыландырылады. Сол себепті оның тарифтері бақылауда. Ал әуе билеттері де сәл ғана қымбаттайды. Оның билеті де тариф бойынша реттеледі. Рейске алдын ала билет алсаңыз арзандау, жақындағанда қымбаттай түседі. Олар ҚҚС-ті тікелей төлемейді, сол себепті тарифтерге әсер етпейді. Ал әуе билеті қаншаға артатыны әлі талқыланып жатыр», - деді Ластаев.

Еске салсақ, үкімет қосылған құн салығын 20 пайызға арттыруды ұсынған еді. Кейін президент бұл көрсеткіш көп екенін айтып, әртараптандырылған салық жүйесін енгізуді тапсырды.

 

Серіктес жаңалықтары