Ақтау маңындағы ұшақ апаты: тергеу қашан аяқталатыны белгілі болды
ИКАО талаптары бойынша тергеу бір жылға созылады

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ақтау маңындағы ұшақтың тергеу жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ИКАО стандарты мен талаптарына сәйкес, тергеу бір жылға жалғасады. Яғни, биыл желтоқсан айына дейін тергеудің есептері аяқталады. Қылмыстық тергеу прокуратура органдарының құзырында», - деді Ластаев.
Оның айтуынша, ИКАО жақында Әбу-Дабиде іс-шара өткізген.
«ИКАО президенті мен бас хатшысы Қазақстан жасаған алдын ала есептің деңгейін жоғары бағалады. Онда әрбір деталь мен көлемнің назарға алынған», - деді Ластаев үкіметте өткен баспасөз конференциясынлда.
Естеріңізге салайық, 25 желтоқсанда Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Ақтау маңында құлады. Ұшақ бортында 62 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Соның ішінде алтауы – Қазақстан азаматы. Өкінішке қарай, алты отандасымыз да қаза тапты.