$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2020, 12:03
Қоғам

Қазақстанда суицидке ұмтылатын балалар саны статистикадан 20 есе көп - Рауан Кенжехан

Ұлттық кеңес мүшесі суицидтің алдын алуға қатысты ортақ бағдарлама ұсынды

Қазақстанда суицидке ұмтылатын балалар саны статистикадан 20 есе көп - Рауан Кенжехан
көрнекі фотосурет: knews.kg

Онлайн форматта өтіп жатқан Ұлттық кеңестің үшінші отырысы білім саласына арналды. Кеңес мүшелері саладағы негізгі проблемаларды айтып, баяндама жасады. «Ұлттық аударма бюросының» басшысы Рауан Кенжехан жасөспірімдер арасында белең алған суицид мәселесін алға тартты.

«Мектеп оқушылары арасындағы суицид бойынша Қазақстан дүниежүзіндегі алдыңғы елдердің қатарында. Жыл сайын 170-тен астам жасөспірім өз-өзіне қол жұмсайды. Мамандардың есебі бойынша, суицидке талпынғандардың саны (аяқталмаған немесе түрлі себеппен тіркелмеген суицид – авт.) бұдан 20 есе көп. Ашығын айтқанда, балалар арасындағы мұндай жағдай - қоғам саулығының өте сорақы көрсеткіші», - деді Рауан Кенжехан.

Ұлттық кеңес мүшесі балалар арасындағы суицидтің алдын алуға қатысты ортақ бағдарлама ұсынды.

«Біз өз тарапымыздан халықаралық және отандық психолог мамандарды тартып, «Денсаулық және өмір дағдылары» атты арнайы бағдарлама дайындадық. Бағдарлама бірнеше аймақта сынақтан өткізілді. Қажет болса, тиісті министрлікке тапсыруға дайынбыз. Аймақтардың барлығын, ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды, психологтарды қамтитын белсенді іс-қимыл бастауды сұраймыз», - деді ол.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары