Науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты ереже өзгерді
Жақын байланыстағылар – бұл науқастың жанында 15 минутқа дейін 1,5 метрден аз қашықтықта болғандар
Ереже бойынша науқастар жақын байланыста болғандар және ықтималды байланыста болғандар деп бөлінеді. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова түсіндірді.
«Жақын байланыстағылар – бұл науқастың жанында 15 минутқа дейін 1,5 метрден аз қашықтықта болғандар. Ықтималды байланыстағылар науқастың жанында 15 минуттан аса уақыт 1,5 метрден ұзақ қашықтықта болғандар. Жақын байланыстағылар ПЦР тесттен өтуге міндеттеліп, карантиндік стационарға жатқызылатын. Енді олар тестілеуден анықталған кезде және карантиннен шыққан кезде өтеді. Осы орайда оларға үйде жатуға мүмкіндік беріледі. Тек ол адамдар 14 күн бойы үйде болатыны туралы қолхат жазып беруі қажет, - деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова.
Бас санитардың айтуынша, ықтималды байланыстағылар COVID-19 вирусына қатысты тестілеуден өтеді, бірақ қазір олар симптомдары болмаса да оқшауланбауы мүмкін.