$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2020, 16:20
Қоғам

Маусымнан бастап Қосшы, Қоянды, Талапкерге автобус қатынауы мүмкін

Аталмыш елдімекендер Нұр-Сұлтан қаласының карантин аумағына кіреді

Маусымнан бастап Қосшы, Қоянды, Талапкерге автобус қатынауы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

«Бұл мәселе (қала маңындағы елді мекендерге қоғамдық көлік жүргізу – авт.) қазір күн тәртібінде тұр. Бірақ, мамыр айының соңына дейін, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бұл елді мекендерге қоғамдық көлік қатынамайды. Егер эпидемиологиялық жағдай қазіргідей, тұрақты қалпында қалса, маусым айынан бастап елді мекендерге автобус қатынай бастайды», - деді Алтай Көлгінов.

Ресми түрде Ақмола облысына қарайтын, іс жүзінде, тұрғындарының барлығы дерлік Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін бұл үш елді мекен елорданың карантин аумағына қосылып кеткен. Өйткені, Алтай Көлгінов атап өткендей, осы елді мекендердің халқы карантинге дейін Нұр-Сұлтанға келіп, жұмыс істеген және қала халқымен байланыста болған.

«Сондықтан, Ақмола облысының аумағында жатса да, Нұр-Сұлтан қаласының карантин аумағына қосылды», - дейді әкім.

Қала мэрі атап өткендей, Қосшы, Қоянды, Талапкер ауылдарына қатынайтын қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі нақты қай күннен басталатыны қосымша хабарланады.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары