05.11.2024, 11:37
Қоғам
«10 қарапайым ереже»: жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
Фото: istockphoto.com
ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым ережені сақтауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар мынадай сақтық ережелерін жариялады:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифтпен және баспалдақпен түспеңіз;
- Жиhаздан, терезеден алшақ тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабат); ал көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Шығар алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерінің, ғимараттың, ағаштардың жанына жоламаңыз;
- Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Айта кетейік, бүгін сейсмикалық станциялар желісі 10 сағат 00 минут 30 секундта Алматы аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
