$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда тағы да жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында екені анықталды

Алматыда тағы да жер сілкінісі болды
Фото: Әсет Құндақбаев

Алматыда сағат 10:00-де шамамен 4,5 магнитудасы бар жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10 сағат 00 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында. Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылау орталығының сейсмикалық станцияларының желісімен эпицентрі мен сезілетін көрсеткіші туралы ақпарат нақтылануда.

«Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, ғимараттардың қирауына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде. Жағдай тұрақты.

Жер сілкінісінің параметрлерін бастапқы ғылыми орталықтың сейсмологтары нақтылағаннан кейін және қосымша жеткізетін болады. Сабыр сақтаңыз!» - делінген Алматы қаласы ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, Алматыда биыл наурыз айында қуаты 5 балл болатын жер сілкісіні тіркелген.

Серіктес жаңалықтары