«Өзім жинаған ақша»: Абай Бегейдің қызы енесіне 1,5 млн теңгенің алтын сағатын тақты (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Сымбат Абайқызының айтуынша, енесі оны өз баласындай қабылдаған

«Өзім жинаған ақша»: Абай Бегейдің қызы енесіне 1,5 млн теңгенің алтын сағатын тақты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Бірнеше күннен бері ел аузынан түспеген оқиға - 16 жастағы Сымбат Абайқызының тұрмысқа шыққаны болды. Біріншіден, елімізде заңды неке 18 жастан басталатындықтан, екіншіден, ол танымал әнші Абай Бегейдің қызы болғандықтан, бұл той әртүрлі пікірталас тудырды. Небары 16 жаста болса да «армандаған» тойына жеткен қыз енесіне қымбат сыйлық жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тойымды армандағынымдай күшті өткізіп бергеніңіз үшін рақмет. Маған «ботақаным, осы тойда үш көйлек киші, үш көйлек ауыстыр, бәрі өзіңнің армандағаныңдай болсын» деп жүгіріп жүргеніңіз үшін рақмет. Сізді қатты жақсы көремін. Осы күнгі дейін жинаған ақшама сізге сыйлық алдым. Соны  сізге табыстағым келіп тұр. Сізге 1,5 млн теңгеге алтын сағат алдым», - дейді Сымбат Абайқызы.

Ашық дереккөзге сүйенсек, оның енесі Ақтаудағы белгілі тіс дәрігері Ақмарал Қонақбаева. Келініне рақмет айтқан ол «бұндай қымбат сыйлық сыйлайды деп ойлаған жоқпын. Өзіңе мың еселеп қайтсын» деп тілегін білдірген.

Айта кетейік, әуел баста Ақмарал Қонқабаеваның ұлы әлі кәмелет жасына толмаған Сымбат Абайқызын алып қашып кеткен еді. Бірақ, белгілі әнші Абай Бегей қызына ақ батасын беріп, үйінер ұзатып шығарған. Бірнеше күн бұрын кәмелет жасына толмаған блогер Сымбат Абайқызының тойы дүркіреп өтті. Оған әкесі су жаңа көлік сыйласа, құдалар Абай Бегейге 500 мың теңге беріп, сол ақшаға костюм алыңыз деді. Еліміздің мүфтияты кәмелет жасына толмаған Сымбат Абайқызының некесі қиылған жоқ деп ресми мәлімдеме жасады. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.