22.08.2024, 10:40
Қоғам
Қазақстанда 13,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
Еңбек мигранттары ең көп келген ел - Қытай
Фото: istockphoto.com
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 835 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 806 жұмыс беруші бар. Оларда 428,3 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8% - ы.
Шетелдіктер ең көп жұмыс істеп жүрген сала:
- Құрылыс – 4 825 адам
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 895 адам
- Әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 577
- Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 377 адам
- Өңдеу өнеркәсібі – 1 351 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 248 адам, Өзбекстан – 1 956 адам, Түркия – 1 146 адам, Үндістан – 1 066 адам.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды