Абай Бегейге той үстінде 500 мың теңгенің костюмін сыйлады

Azattyq Rýhy

Одан бөлек, әншінің жары мен қыздары, ұлы мен келіні де құнды сыйлықтарға ие болды

Абай Бегейге той үстінде 500 мың теңгенің костюмін сыйлады
Фото: instagram.com/symbatabaikyzy

Белгілі әнші Абай Бегейдің 16 жасар қызы тұрмысқа шықты. Әлеуметтік желі қолданушылары  аталған тойды әлі де қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Ақтау қаласында өткен жастардың үйлену тойын қазақстандықтар тікелей эфирден тамашалады.

Тойды экран арқылы тамашалағандар құдаларға берілген сыйлықтар туралы жарыса жазып жатыр. Қыз алған әулет құдаларына той төрінде сыйлықтарын табыстады. Оның ішінде әнші Абай Бегейге костюм-шалбардың құны деп 500 мың теңге берілді. Одан бөлек, әншінің жары мен қыздары, ұлы мен келіні де құнды сыйлықтарға ие болды.

Мұны желі қолданушыларының бір тобы құдалардың жомарттығы деп бағаласа, екінші бір топ мақтаншақтық деп сөкті.

«Бұл мақтаншақтықтың көрінісі ме?», «Құнын айтпай-ақ қойса қайтеді», «Мақтанудан алдарына жан салмайды екен», «Дұрыс, шамасы жетіп тұрса қымбат сый тартқанға не жетсін» сынды пікірлер жазылған.

Сонымен қатар, Абай Бегейдің қызының үйлену тойына барғанын сынға алғандар да көп. Айта кетейік, батыс өңірде қыздың әкесі үйлену тойға қатыспайтын көрінеді. Бұл ретте желі қолданушылары әншінің бұл әрекеті дұрыс емес деп бағалады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.