«Екі жыл гаражда күте ме»: Абай Бегей 16 жаста тұрмыс құрған қызына көлік сыйлады (ВИДЕО)
Әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызы Сымбат тұрмысқа шықты
Әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызы Сымбат тұрмысқа шықты. Қызының бұл қылығын құптаған әке автокөлік сыйға тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Неткен бақытты қыз, жары да, әкесі, енесі - бәрі қамқор болып жатыр, қызы өте әдемі». «Байға тиюді емес, бұл жаста оқу оқып, сауаттылықты таңдау керек». «Әке деген асқар тау, көзіме жас келді». «16 жасында тұрмыс құрып, куәлігі жоқ болса да, көлік жүргізе ме, сонда көлігі 2 жыл гаражда күте ме», - деген пікір қалдырған адамдар.
Жас қыздың ерте тұрмысқа шығуы бірнеше күннен бері желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Абай Бегей парақшасында қызының беянебаянын жариялап, астына «Әр түрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рахмет!» деген жазба қалдырды.