Бюджеттен 500 миллион теңгені жымқырып, бөліп алған 10 адамға қатысты үкім шықты

Azattyq Rýhy

«Әскери Құрылыс» АҚ лауазымды тұлғалары сотталды 

Бюджеттен 500 миллион теңгені жымқырып, бөліп алған 10 адамға қатысты үкім шықты
Фото: istockphoto.com

5 тамызда әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әскерлерді жайластыру бас басқармасының, «Әскери Құрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына, авторлық, техникалық қадағалау өкілдеріне және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әскери Құрылыс» АҚ бұрынғы вице-президенті А. Темірбаев, АҚ-нің учаске бастығы Т. Кабултаев, компания басшысы Е. Ибрагимова, Авторлық және техникалық қадағалау өкілдері А. Дощанов және Д. Шайпранов, Қосалқы мердігерлік ұйымның басшысы Г. Газезов және оның сенімді адамы А. Омаров Алматы облысы Сарыөзек гарнизонының әскери қалашығында кәріз-тазарту құрылыстарын күрделі жөндеуге бөлінген 491,6 млн теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», - деп жазылған сот үкімінде.

Олардың мүлкі тәркіленді. Мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметпен айналысуға 7 жыл мерзімге тыйым салынды. 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

«ӘЖББ бастығының бірінші орынбасары Б. Әбдірахманов, күрделі құрылыс басқармасының бастығы Қ. Онлабаев және осы басқарманың офицері Б. Лесбаев немқұрайлылық үшін кінәлі деп танылды», - деп хабарлады Антикор.

Үкім заңды күшіне енді.

«Әскери құрылыс» АҚ басшысы мен оның туыстары қатысты тергеу 2023 жылы басталған.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.