07.08.2024, 16:37
Қоғам
Петропавлдағы Култышевтар отбасында он тоғызыншы сәби дүниеге келді
Отағасы серіктес болып өзі кірген
Фото: qazmedia.kz
Петропавлдық көпбалалы отбасы Павел мен Татьяна Култышевтардың отбасында 19-шы сәби дүниеге келді. Ерлі-зайыптылардың 10 ұлы мен 9 қызы бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлік басылым хабарлағандай, 43 жастағы Татьяна Култышева 6 тамызда қыз босанды.
Қазіргі кезде ана мен баланың жағдайы тұрақты. Отағасы босану барысында келіншегіне демеу болып, жанында болған. Баланың салмағы - 4250 грамм және бойы 56 сантиметр.
Айта кетейік, Павел мен Татьяна ең көпбалалы отбасы саналады. 18-ші баласын Татьяна Култышева 2022 жылдың шілде айында туған. Ал тұңғышын 20 жасында босаныпты.
Отбасының үлкен қызы Иннаның жасы қазір 23-те, оның өз жанұясы, балалары бар. Ал үлкен ұлдары Владимир - 20 жаста.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
