$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бұрынғы сағат белдеуіне оралмаймыз: министрлік алдын-ала шешімді хабарлады

Астанада қоғамдық талқы өтті 

Бұрынғы сағат белдеуіне оралмаймыз: министрлік алдын-ала шешімді хабарлады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Бұрынғы уақыт белдеуі кері қайтпайды. Бұл туралы Астанада өткен петицияны талқылау кезінде сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз бұрынғы уақыт белдеуінін қайтаруды талап еткен петицияны қарап, өтініш берушінің уақыт белдеуінің ауысуы денсаулық жағдайына әсер етті, электр энергиясын қолдануды арттырды деген уәждеріне дәлел таппадық. Соныдқтан мен қазір сауда және интеграция министрлігінің алдын-ала шешімін хабарлаймын. Петицияны қанағаттандырудагн бас тартылады», - деді Қайрат Балықбаев.

Еске салайық, биыл бірінші наурыздан бастап қазақстандықтар біріңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын. Бірақ наразы азаматтар бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етіп петиция жариялады. Оған қол қойғандар саны шекті санын жетіп, қоғамдық талқылауға шығарылды.

Серіктес жаңалықтары