«Әйтеновтің нөкерлері карталарымды бұғаттады»: Әтешова некедегі 9 жылда қандай қорлық көргенін айтып берді
Ол Әйтеновті кешірмеймін деп отыр
Шымкент қаласы экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновке қатысты сот отырысында жәбірленуші ретінде Дана Әтешова бірқатар тың мәлімет айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз 9 жыл некеде болған кезде тыныш, үндемей жүрейін деп ойладым. Себебі оның полицияда танысы көп, ешбір нәтиже болмайтынын білдім. Әйтеновтің нөкерлері менің барлық картамды бұғаттады», - деді ол.
Дана Әтешова үлкен және кіші қызына дәрігерлер қандай диагноз қойғанын айтты.
«Бронхит және оған байланысты емес те диагноз қойылды. Балалардың психо-эмоционалдық күйіне қатысты сараптама жасалды. Мұрны қанаған қызымның артында көгерген іздер бар. Мен жұмыс істедім. Бірақ қазір жағдайға қатысты уақытша демалыс алдым. Біз 9 жыл қорқынышпен өмір сүрдік. Менің сұрап отырғаным – қауіпсіздік. Айыпталушы өз кінәсін сезінбей отыр. Мен оны кешірмеймін. Мені 9 жыл ұрып, кейін оның ұрғанына мені кінәлі деп жала жапты. Мені ұруға өзімнің мәжбүрлегенімді айтатын. Ол және оның нөкерлері менің үстімнен арыз жазды. Бұл да психологиялық қысым. Біздің елде әділеттік барына сенемін, сондықтан мен онымен 4 жыл соттасып келемін», - дейді Әтешова.
Әтешованың айтуынша, айыпталушы ажырасқан соң ол балалармен 1 жыл араласпаған.