«Балаларға түкіргені бар»: Дана Әтешова Марат Әйтенов жайлы тағы бір мәлімет айтты
Ол айыпталушы бірде-бір рет балаларына хабарласпағанын айтты

Шымкент қаласы экс-әкімінің ағасы, әйеліне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отырған Марат Әйтеновке қатысты сот отырысында жәбірленуші ретінде Дана Әтешова сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дана Әтешованың айтуынша, Марат Әйтеновтің тарапынан әлі де психологиялық зорлық-зомбылық жалғасып жатыр.
«Ол ювеналды полицияға балалармен кездесу туралы арыз жазып жүр. Ал видеодан өздеріңіз көрдіңіздер, оның балаларға түкіргені бар. Осы уақыт аралығында ол балаларға бірде-бір рет қоңырау шалған жоқ. Оның қорғау нұсқамасы бар. Қорғау нұсқамасы 1 айға маған және балаларға жақындамау үшін берілді. Мен ерлі-зайыпты болған кезімнен бастап айыпталушының полиция органдарында жақсы таныстары бар екенін білемін. Сондықтан мен полиция қызметкерлеріне сеніп, бірдеңе айтуға қорқамын. Ювеналды полицияға да мәлімет беруге қорқамын», - деді Дана Әтешова.
Еске салсақ, 12 шілде күні Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайын балаларымен бірге үйден сүйреп шығарып жатқан видеосы тараған еді. Кейін марат Әйтенов бұл әрекеті үшін 5 тәулікке қамалды. Екеуінің де үстінен қылмыстық іс қозғалды.