«Балаларым полициядан қорқатын болды»: Дана Әтешова балалары қазір қандай күйде екенін айтты

Аягөз Құрмаш

Сот отырысында ол оқиғадан кейінгі зардаптар туралы айтып жатыр

«Балаларым полициядан қорқатын болды»: Дана Әтешова балалары қазір қандай күйде екенін айтты
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Шымкент қаласы экс-әкімінің ағасы, әйеліне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отырған Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы онлайн форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот отырысында Марат Әйтеновтің экс-жұбайы дана Әтешова оқиға бойынша өзінің нұсқасын айтып жатыр. Марат Әйтенов экс-әйелін үйінен шығару кезінде зорлық-зомбылық әрекеттері болған. Оқиғаның желісі жайлы Дана Әтешова куәлік берді.

«Шашымнан  ұстап тұрып, үстіме жатып алды. Ол «қозғалма» деп айтты. Мен әбден әлсіз болған кезде оған балаларыма барайыншы. Мен ол кезде өте сабырлы түрде өтіндім. Себебі айыпталушының (Марат Әйтенов – авт.) ашуланып тұрғанын көрдім. Оны әрі қарай арандатпау үшін бейбіт түрде сұрадым. Оның уысынан шыққан соң балаларымды іздей бастадым. Балаларым жылап тұр екен. Айыпталушыға балаларға бәрібір болды. Ол ең бастысы өзінің мақсатын орындады», - дейді Дана Әтешова.

Оның айтуынша, Марат Әйтенов балалары оған ермегенге ашуланып кеткен.

«Ал үлкен қызыма «өтірік мүләйімсіме, бәрібір үйден шығасыңдар» деген. Осы оқиғадан кейін менің балаларымның жүйкесі жұқарды. Одан кейін балаларымды республикалық орталыққа апардым. Балаларым сол оқиғадан кейін полициядан қорқатын болды. Айыпталушының әрекетінен кейін балаларым психологиялық соққы алды. Ол мені баспалдақтан түсіріп жатқанда басымда екі гематома пайда болды», - деді ол.

Әтешова баспалдақтан сүйретіп түсіргенде иығы мен денесінде жарақттар пайда болғанын айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.